Билік 19.05.2017 сағат 02:12  1485

Қарағандыда көлікті мас күйде айдаған экс-мәжілісменнің ұлын жазалаудың орнына аудан әкімі етіп тағайындады

Қоғамда болып жатқан талай былықты көріп жүрміз. Бірақ, дәл мынадайды көреміз деп кім ойлаған? Қарағандыда спирттік ішімдікке тойып алып көлік айдаған экс-депутаттың ұлын қызметтен қуудың орнына оны аудан әкімі етіп тағайындады. Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеп отыр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Полицейлер көлік тізгініндегі 35 жастағы Октябр ауданы әкімінің орынбасары ішімдік ішкен деп күдіктеніпті. Бірақ Әлімжан Қанаев медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан. Осы үшін бұрынғы аудан әкімі орынбасарын 11-ші сәуірде сот 2 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды. Әйтсе де, осы әрекеті үшін тәртіптік кеңестен сөгіс алған Қанаев жарты күн өтпестен Октябрь ауданының әкімі боп шыға келді. Сөгіс бергендердің өзі бәрі бұлай тез болады деп ойламаса керек.

Ал тасы өрге домалағыш жас әкімнің Мәжілістің экс-дептутаты Серікжан Қанаевтың ұлы екенін айта кетейік. Қазір үлкен Қанаев осындай қылық көрсеткен шенеуніктерді жазалайтын мемлекеттік қызмет агенттігі қоғамдық кеңесіне төрағалық етіп отыр. Демек, Әлімжан Қанаев тіпті есірткі пайдаланып ұсталып, артынша бұдан да жоғары қызметтерге тағайындалып жатса оған таң қалудың да қажеті жоқ шығар... 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар