Жыл сайын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне орай елімізде Елбасы жайында кітаптар жарық көріп, фильмдердің премьерасы көрсетіліп жатады. Бұл дәстүріге айналған үрдіс. Биыл 6 шілде күні Мемлекет басшысы 77 жасқа толатыны белгілі. Осынау айтулы күнге орай Астанада бүгін тағы бір туындының тұсауы кесілді деп жазады Baq.kz.
Жаңа кітап «О великой жизни» - «Ұлы адам туралы ұлағатты кiтап» деп аталады.
Туынды тәуелсiз Қазақстан тарихындағы Мемлекет басшысы туралы алғашқы туынды. Кiтап 12 жастан асқан аудиорияға арналған. Оқулық жоғары сынып оқушылары мен КТУ оқушылары үшiн дайын оқу құралы болып табылады. Кiтап авторы - Ресей Федерациясының еңбек сiңiрген мәдениет қайраткерi, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович. Ол көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерлерi, саяси көшбасшылар және тарихтың жолын өзгерткен басқа да белгiлi бiрегей тарихи тұлғалар туралы 30-дан астам кiтап жазған.
Зеньковичтiң айтуынша, кiтаптың орыс тiлiндегi нұсқасы 2 мың дана, ал қазақ тiлiндегi аудармасы 2 мың данамен шықты. Туындыны қазақ тiлiне танымал журналист, публицист, жазушы Қайнар Олжай аударды.
«Мен ешқашан Назарбаев туралы жаман пiкiр естiген емеспiн. Бұндай көшбасшы өте аз. Нұрсұлтан Әбiшұлы туралы бүкiл әлемде көптеген кiтап жарық көрген. Бұл кiтап балаларға арналған, өзiн ғана емес, бүкiл әлемдi өзгертiп жатқан ұлы тұлға туралы алғашқы кiтап. Әлемдi өзгерткеннен, өзiңдi өзгерту аса қиын. Бұл туындының басты ойларының бiрi - қол қусырып отырсаң, ұлы тұлға бола алмайсың», - дедi Зенькович.