Елдің бірқатар өңірінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ пен екпінді жел, ал батыста аптап ыстық күтіледі.
Синоптиктер 24 тамызда дауылды ескерту жариялады. Ескерту Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің барлық 17 облысын қамтиды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Астанада кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Ақмола облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, батысы мен оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батысында, солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі.
Алматыда күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні 15-18 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр мен найзағай, кешке кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Жел екпіні кей уақытта 18-23 м/с-қа жетеді.
Алматы облысының солтүстігі, оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр мен найзағай, тау бөктері мен таулы аудандарда жаңбыр мен найзағай, кешке кей уақытта қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 18-23 м/с-қа жетеді. Облыста төтенше, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 18-23 м/с болады.
Шымкентте желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік және таулы аудандарда жел 15-20 м/с, таулы жерлерде күндіз 23 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстігінде аздаған жаңбыр күтіледі. Күндіз шығыс пен оңтүстікте аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Қарағанды облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батысында, солтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың бірқатар бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болжанады.
Жетісу облысының батысы мен таулы аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр мен найзағай, таулы аудандарда қатты жаңбыр және бұршақ күтіледі. Алакөл маңында желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында күндіз +38...+42°C қатты ыстық күтіледі. Батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстік-шығысында түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Кей аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ пен дауыл болжанады.
Абай облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында бұршақ пен дауыл болады. Желдің екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа жетеді. Семейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі.
Атырау облысында күндіз +35...+39°C қатты ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда ауа температурасы +35...+37°C-қа дейін көтеріледі.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысы, оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады, шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және бұршақ күтіледі. Ауа температурасы +35...+38°C-қа дейін көтеріледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыстың орталығы мен солтүстік-шығысында жоғары, қалған аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман түседі.