$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанда жаңа ұлттық компания пайда болды

Қазақстанның туризм саласын дамутымен енді арнайы құрылған ұолттық компания айналысатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

"Үкімет қаулысымен "Қазақ Туризм" АҚ компаниясы құрылды", - дейді Мұхамедиұлы.

Акционерлік қоғамның алғашқы міндеті Қазақстанның шетелдегі турситік әлеуетін арттыру.  Екіншісі - инвестиция тарту. 

"Бұл бізге не береді? Бұл шаруашылық субъектілердің пайда болуына әкеледі. Көптеген шетелдік инвесторлар Қазақстан туризміне ақша құюға әзір екенін нақты айта аламын, өйткені Еліміздің табиғи ландшафты ерекше", - деп түсіндірді министр. 

"Бюджет бойынша айтарым, бастапқыда қызметкерлер айлық алады, келесі жылдан бастап компания өзін-өзі ақтайтын болады", - деп аяқтады ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары