$ 494.87  520.65  4.91

Зейнет жасына келген Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігі 2022 жылға дейін ұзартылды

ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің қызметтік өкілеттігі 2022 жылға дейін ұзартылды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтің өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2022 жылғы 26 шілдені қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды», - делінген аталған хабарламада.

Айта кетейік, шілде айының 26-на Әділбек Жақсыбеков 63 жасқа, яғни зейнет жасына толады.

Ол 1954 жылы 26 шілдеде Қостанай облысы Қарабалық ауданы Бүрлі ауылында дүниеге келген.

1978 жылы Бүкілодақтық кинематография (Мәскеу қ.) мемлекеттік университетін тәмамдаған, 1987 ж. Плеханов атындағы халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтаудың ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары