$ 498.34  519.72  4.85

Н.Назарбаев Барселонадағы лаңкестікке байланысты испан короліне көңіл айтты

Қазақстан Президенті Испания Королі VI Фелипеге Барселона қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы террорлық акт салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы бағытталған бұл жантүршігерлік әрекетті қатаң айыптайды және терроризммен күресте жаһандық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, барша испан халқына, сондай-ақ Испания Королі VI Фелипеге көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары