28.08.2017, 03:31

Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтеді

Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 4 қыркүйекте Астанада өтеді, тиісті Өкімге мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 4 қыркүйекте сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын", — делінген өкімде.