Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовке қысқы маусымға дайындалмағаны үшін сөгіс берілді деп хабарлады СҚО әкімдігінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдіреш өзінің Facebook-парақшасында.
"Облыстық әкімдікте өткен жиында өңір басшысы Құмар Ақсақалов жылыту маусымына дұрыстап дайындалмағаны үшін СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяевке, жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмағаны үшін Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовке сөгіс берді", - деп жазды Т.Әбдіреш.
Сондай-ақ, жиын барысында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы басқармасының басшысы Қатқадамовқа өз лауазымына мүлдем айықты емес екені де айтылған.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Петропавл қаласының кейбір аудандарында көпқабатты үйлерге жылу берілгенін, бірақ пәтерлерде жылудың болмағанын айтып отыр. Дегенмен, қазір жағай реттеліпті. Дегенмен, жергілікті тұрғындар үйлеріне жылу әлі берілмегенін әлеуметтік желілерде жазуда.