Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.
«Сіздің басшылығыңызбен Қытай Коммунистік партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсарту барысында елеулі жетістіктерге жетті.
Сізге достас Қытай мемлекетінің халықаралық беделі мен әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру жолындағы дамылсыз әрі жасампаз еңбегіңізге сәттілік тілеймін.
Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық қарым-қатынастар алдағы уақытта да қарқынды дамитынына, сондай-ақ халықтарымыздың достығы нығая түсетініне сенім білдіремін», – делінген жеделхатта.
Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық пен амандық тілеп, достас Қытай халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестігін білдірді.