$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандық шенеунік Парижден 65 млн еуроға пәтер сатып алған

Қазақстан Үкіметінің ресми өкілі Париждегі ең қымбат пәтерлердің бірін сатып алды. Қауіпсіздігі аса жоғары деңгейдегі жасалған үйдің бағасы 65 миллион еуро (75,8 млн доллар) тұрады екен. Бұл 2017 жылы Франция астанасында сатылған ең қымбат баспана деп жазады Mansion Global басылымы.

Зәулім үй Монтень даңғылында орналасқан. Жергілікті тұрғындар бұл ауданды Париждің "алтын үшбұрышы" деп те атайды. Бұл үйден Елисей алаңына дейін жаяу бірнеше минутта жетуге болады.

Сату келісімшартын бельгиялық танымал риелтор Игнас Мювиссен жасапты. Ол - ресейлік және посткеңестік елдердің бай-бағландарына Еуропадан баспана тауып берумен аты шыққан маман. Дегенмен, Мювиссен пәтерді сатып алған қазақтың аты-жөнін айтудан бас тартып отыр. Тек ҚР Үкіметінің ресми өкілі деп қысқа қайырыпты. Ал, пәтерді сатқан адам да бөтен емес, ол көрші Ресейдің танымал кәсіпкері.

"Сатушы - ресейлік инвестициялық компанияның басшысы, ол аталған көпқабатты зәулім үйден бірнеше пәтер сатып алып қойған. Бұл үйдің терезесінен тарихи Plaza Athénée қонақ үйі көрінеді. Инвестор пәтерлерін осыдан 3 ай бұрын 75 млн еуродан сата бастады", - дейді Мювиссен.

Қазақ шенеунігі сатып алған пәтердің жалпы аумағы 1200 шаршы метр. Онда 5 жатын бөлме, 5 жуыну бөлмесі, спа, қонақтарға арналған арнайы бөлме бар. Үйдің терезелері оқ өтпейтін шыныдан жасалған, күзетшілер үшін арнайы бөлме де қарастырылыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары