$ 443.85  474.3  4.8

Ақтөбеде әкімдік қызметкерлерінің көбі біліксіз болып шықты

Ақтөбедегі әкімдік қызметкерлері сыннан өтті. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысына тексеріс жүргізіп, жемқорлыққа қарсы бақылау жасап отырған департамент мамандары бірнеше қызметкерді біліксіздер қатарына жатқызды деп жазады aktobenews.kz порталы.

 Өңірде қаржылық құжаттармен жұмыс жасап отырған жиырмадан аса маманның талапқа сай емес екені анықталды.

 «Әдеп жөніндегі кеңесте  біз  36 мемлекеттік қызметкерді қарадық. Оның ішінде бір маман қызметінен босады. Қызметіне толық сәйкес емес деп танылған 24 маман тиісті тәртіптік шараға тартылды. Басым көпшілігі шаруа қожалықтарына субсидия беруде кемшіліктер жіберген. Тексеріс жүргізілген мамандардың басым көпшілігі ұқсас қателіктер жіберген», — дейді Әдеп кеңесінің төрағасы Қайыржан Тоқышев.

Әдеп кеңесіне шақырылған мемлекеттік қызметкерлердің барлығына тиісті шара қолданылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары