Бұған дейін ҚР Жоғарғы сотын басқарып келген Қайрат Мәми бұдан былай Конституциялық кеңеске төрағалық етеді. Ал, бүгін ҚР Бас прокуроры болып тағайындалған Қайрат Қожамжаровтың орнына, яғни ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне төраға болып Алик Шпекбаев тағайындалды.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, бұған дейін Конституциялық кеңестің төрағасы болған Игорь Роговты қызметінен босатты.
Еске салайық, бүгін сондай-ақ, ҚР Бас прокуроры қызметін атқарып келген Жақып Асанов Жоғарғы сотқа төраға болып тағайындалды.