$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда 35 мемқызметші әлеуметтік желілердегі суреттері үшін жазаланды

 Қостанайда 35 мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік желілерінен әдеп кодексі нормаларына нұқсан келтіретін суреттері табылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің бастығы Мэлс Әбдірахманов мәлімдеді.

Мемлекет қызметкерлерінің бұл заңсыз әрекеті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг  кезінде анықталған. Нәтижесінде олардың түрлі кештердегі немесе өзге де қоғамдық орындардағы әдепсіз, тыйым салынған заттарды тұтыну кезіндегі фото және бейнежазбалары ортаға шықты.

«Барлығы 57 мемқызметкермен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Оларға қызметтік этика тәртібін түсіндірдік. 35 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Кодекс бойынша, әдептен тыс фото немесе видеоларды жүктейтін болса, оларды өшіру талап етіледі», – деді Әбдірахманов.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қостай облысы бойынша 1000-ға жуық мемлекеттік қызметкер тәртіптік жазаға тартылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Қостанай