$ 448.89  477.93  4.76

Қазақстанның келесі президенті өзге ұлт өкілі болуы мүмкін

Азаматтық қоғам құрылғанда өзге ұлттың өкілдері де Мемлекет басшысы болып сайлануға мүмкіндік алмақ. Бұл туралы бүгін  ақпарат құралдарында жарияланған Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылды деп жазады dalanews.kz.

«Орыс тілін білу маңызды болып қала береді. 2016 жылдан бері жаңартылған бағдарлама бойынша орыс тілі қазақ мектептерінде 1-сыныптан бастап оқытылып келеді. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында.

Соның нәтижесінде, Назарбаевтың айтуынша, біздің барлық түлектеріміз Қазақстанда және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады.

«Сонда ғана нағыз азаматтық қоғам құрылады. Кез келген этникалық топтың өкілі кез келген жұмысты таңдай алады, тіпті Президент болып сайлануға да мүмкіндігі болады. Қазақстандықтар біртұтас ұлтқа айналады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары