Бүгін сот төрелігін жүзеге асырудың 2017 жылғы қорытындысына арналған кеңейтілген кеңесте ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов сот жүйесінде ешқандай реформа жасамайтындығын айтты деп жазады Қазақпарат.
«Осынау қысқа ғана уақыттың ішінде маған сот жүйесіндегі қандай да бір кемшіліктерді айту, бұған қоса, түбегейлі өзгерістерді жария ету дұрыс бола қоймас. Дегенмен, біз ешқандай да реформа ұсынбайтындығымызды баса айтқым келеді. Президенттің судьялардың 7 съезінде берген нақты тапсырмасы бар», - деп атап өтті Жақып Асанов.
Сонымен қатар ол Қазақстан Президенті Жоғарғы сот лауазымына тағайындаған кезде адамдардың сотқа деген сенімін арттыру міндетін жүктегендігін баса айтты.