$ 448.15  483.46  4.86

Мұхтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отаннан» кетіп, Сенатқа депутат болды

Бүгінге дейін «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Мұхтар Құл-Мұхаммед қызметінен босап, Сенатқа депутат болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Ал, Құл-Мұхаммедтің орнына бұған дейін Мәжіліс депутаты болып жұмыс істеп келген Мәулен Әшімбаев тағайындалды. Бүгін Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі партиялықтарға жаңа басшысын таныстырып, Әшімбаевтың өзіне сәттілік тіледі.

«Нұрсұлтан Назарбаев атқарған жұмысы үшін Мұхтар Құл-Мұхаммедке алғыс айтып, партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды», - делінген Ақорда таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары