$ 494.87  520.65  4.91

Алматы мен Павлодар облысына жаңа прокурорлар тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас прокурордың бұйрығымен Алматы қаласының прокуроры болып Берік Қуанышбекұлы Жүйріктаев, Павлодар облысының прокуроры қызметіне Қайрат Әлиханұлы Әбдіханов тағайындалды.

Екі прокурор да 2016 жылдан бастап облыстық прокурор қызметіне Президент резервінде тұр.

Б.Жүйріктаев 1978 жылы туған. 1999 жылдан бастап прокуратура органдарында жұмыс істейді. Алматы және Алматы облыстық прокуратурасында түрлі қызметтер атқарған. 2013 жылдан бастап - Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Қ.Әбдіханов 1972 жылы дүниеге келген. Прокуратура органдарында 1996 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Жамбыл аудандық және Талдықорған қалалының прокуратураларын басқарған. 2017 жылдың шілдесінен - Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары болған.

Сондай-ақ, Бас прокурордың 2018 жылдың 12 ақпанындағы бұйрығымен Ақтөбе облыстық прокурорының орынбасары қызметіне Ғалымжан Ниязбекұлы Тілеубаев мен Асқар Жейенайұлы Албытов, Ақтөбе прокуроры қызметіне -Рүстем Нәсіпқалиұлы Салкенов тағайындалды. 

Дереккөз: Қазақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары