$ 494.87  520.65  4.91

«Ішпедім, шекпедім»: БҚО-да шенеунік түнгі клубта билеп жүріп талып қалды

Youtube желісінде БҚО-дағы облыстық антимонополиялық департамент басшысының түнгі клубта көңіл көтеріп жүрген видеосы таралып кетті. Бейнежазба 12 сәуір күні жүктелген деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеода Мұрат Оспановтың аса қымбат мейрамханалардың бірінде өзін жаман сезініп, талып қалғаны көрініс тапты.

Түнгі клуб күзетшілері шенеуікті би алаңынан алып кетіп, жерге құлатқан. Алайда, оған қарамастан қайтадан аяққа тұрған Оспановтың мұрнынан бірден қан кетті. Оны бейнежазбада анық байқауға болады.

Бұл оқиға жайлы шенеуіктің пікірі мынадай:

"Интернет желісінде 5 сәуір күні түнгі клуб ішінде түсірілген бейнежазба таралып кетіпті. Видеода мен өзімді жаман сезінген соң, мейрамхана қызметкерлері маған көмектескені көрініс тапты.
Мен өзімді жаман сезінгендіктен талып қалдым, артынша есімді жиып қайта тұрдым. Ал күзетшілер маған шулы жерден шығуға көмектескен.

Мен ешқандай құқықбұзушылық жасағаным жоқ, есірткі мен ішімдік атаулысын қолданбағанмын. Алайда желі қолданушылары бұл бейнежазбаны қолданып, шындыққа жанаспайтын жалған ақпарат таратып жатыр.

Бұрмаланып кеткен ақпарат менің ар-намысым мен қызметтік беделіме кері әсерін тигізуі мүмкін. Сол себепті көпшілікті жалған ақпарат таратпауға шақырамын", - деп айтты шенеуік NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары