$ 498.34  519.72  4.85

Нұрсұлтан Назарбаев Арменияның және Қырғызстанның президенттерімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы алдымен Армения президенті Армен Саркисянмен сөйлесті. Әңгімелесу барысында екі ел басшылары Армениядағы қазіргі ішкі саяси ахуалды талқылады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті достас армян халқы елде туындаған саяси дағдарысты заң шеңберінде сындарлы диалог арқылы шешудің тиімді жолын табатынына сенім білдірді.

Мұнан кейін Назарбаев қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековпен байланысқа шықты. 

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, бұған дейін қол жеткізілген жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы тараптардың өзара ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары