Мемлекет басшысы медицина орталығының қызметімен танысып, клиника ұжымымен әңгімелесті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
– Дәрігер емделушіге қамқорлықпен қарап, әсіресе, аналарды босандырғанда өзінің мейірімін дарыта білуі қажет. Бүкіл Қазақстан бойынша заманауи құралдармен жабдықталған көптеген медициналық орталықтар салынды. Дәрігер – ең ұлы мамандық екенін әрдайым есте сақтаңыздар. Сіздерге табыс тілеймін! – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа медицина техникаларын өндіруші Siemens, Karl Storz, General Electric, Drager, Hamilton және басқа да жетекші компаниялар ұсынған қазіргі заманғы құрал-жабдықтар көрсетілді.
«Керуен-Medicus» жаңа ғимараты 2017 жылы салынды. Оның жалпы көлемі – 10 мың шаршы метр. Клиникада нақты уақыт режімінде 3D-форматындағы күрделі операциялар жасалады. Медициналық орталық Кореяның Severance Hospital, Германияның Freiburg University Klinik, Сеул ұлттық университетінің Бундан клиникаларымен, сондай-ақ Еуропаның жетекші клиникаларының өкілі – Puls Global компаниясымен кадр даярлау жөнінде ынтымақтастық орнатқан.