Еркін күрестен Лондон олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысына қарасты Облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды. Сүйінші хабарды танымал әнші Досымжан Таңатаров өзінің instagam-парақшасында бөлісті.
«Ақжүрек інім Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов ағамыздың және облыстық спорт саласының мамандарының қолдауымен Облыстық мамандандырылған балалар пен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып тағайындалды. Інімнің ісіне береке беріп жас таланттардың танылуына үлес қосатын басшы болсын», – деп жазды Досымжан Таңатаров.