Зейнет жасынан асқан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкілеттігі ұзартылды. Мұндай жарлыққа бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2021 жылғы 20 мамырды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды, - делінген Президенттің жарлығында.
Айта кетейік, Қырымбек Көшербаев 2 күннен кейін, яғни 20 мамыр күні зейнет жасына толады. Ол 1955 жылдың 20 мамырында Қазалыда дүниеге келген.