$ 494.87  520.65  4.91

Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қазасына қатысты істі қатаң бақылауға алуды тапсырды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды.

Еске салайық, мұзда мәнерлеп сырғанаудан қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Денис Тен кеше қылмыскерлер қолынан қаза тапқан болатын. Ол ұрлық үстінен түсіп қалып, ұрыларды үркітпек болғанда бірнеше жерінен пышақталған. Марқұм ауруханада көз жұмды. Дәрігерлер оның 3 литр қан жоғалтқанын айтуда.

Қазіргі таңда полиция екі күдіктінің бірін ұстап, оны тергеуге алды. 1994 жылы туған жігіт Денис Тенді өлтіргенін мойындап отыр. Екіншісі болса әлі ұсталған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары