14.10.2018, 04:30

«6 млн 145 мың теңге»: Көкшетау әкімінің жылдық табысы белгілі болды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев өзінің қанша жалақы алатыны туралы ашып айтты деп жазады Tengrinews.kz. Ол сондай-ақ, 2017 жылы қанша табыс тапқанын да портал тілшілеріне мәлімдеген.

Белгілі болғандай, Көкшетау әкімінің айлық жалақсы 451 627 теңгені құрайды екен. Бұл оның 2018 жылғы айлық табысы. Ал, былтыр оның жылдық табысы 6 миллион 145 мың 112 теңгені құрапты. 552 164 теңгені ол салық ретінде мемлекетке төлеген.

Айта кету керек, әкімнің 451 627 теңге жалақысы - бұл ең төменгі 16 айлық табыс көрсеткіші.

"Менің айлық-жалақыммен жақсы өмір сүруге болады. Ол айтарлықтай жоғары және айлық шығындарымды жабуға толықтай жетеді. Артылып қалғанын жинауға тырысамыз", - деді қала әкімі.