$ 445.66  474.58  4.78

Қостанай қаласына жаңа әкім тағайындалды

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өкімімен Қостанай қаласының әкімі тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала активіне қаланың жаңа әкімі Қайрат Ахметовті таныстырды. 

«Қайрат Ахметов Федоров ауданы экономикасы мен әлеуметтік саласының көркеюіне көп жұмыс жасады. Тәжірибелі әкім облыстағы ең ірі Қостанай ауданының тізгінін ұстады. Енді ол Қостанай қаласында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыратын болады. Қала тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, жол, инфрақұрылым мәселелерін шешуді тапсырамын», - деді Архимед Мұхамбетов. 

Бұған дейін қала әкімі қызметін атқарған Базыл Жақыпов денсаулық жағдайына байланысты өз еркімен жұмысынан кетті. 

Қайрат Ахметов 1965 жылы туған, білімі жоғары. 1987 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын агроном мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын агрономдықтан бастап, облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің басшысы болған. 

2002 жылдың қазанынан 2006 жылдың сәуіріне дейін Қостанай облысы Мендіқара ауданының әкімі қызметін атқарды. 2006 жылы маусымда Қостанай облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры болып тағайындалды. 2007-2010 жылдары Қарасу ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2010 жылдың қазан айында Федоров ауданының әкімі лауазымына тағайындалды. 

Бұған дейін Қостанай ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары