Билік 04.02.2019 сағат 10:14

Дәурен Абаев өрттен қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгін түнде Астанада өрттен қаза болған бес баланың ата-анасына көңіл айтты, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Дәурен Абаев өрттен қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Орталық коммуникациялар қызметінде «QAZAQ EPOS» республикалық ағарту жобасы бойынша басталған брифингті ақпарат және коммуникациялар министрі көңіл айтудан бастады.

«Бүгін түнде Астанадағы жекеменшік үйлердің бірінде болған өрттен қаза тапқан бес баланың ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтамын. Өрт шыққан кезде, кішкентайлардың ата-анасы жұмыста болыпты. Өрттің шығу себептерін құзырлы органдар өте мұқият тексеріп, нақты ақпарат береді деп сенеміз. Өте қайғылы жағдай, балаларымызға, олардың өміріне сақ болайық», - деді Абаев брифингті бастамас бұрын.

Ол Астана әкімдігі жерлеу рәсімін ұйымдастыру шаралар өз мойнына алғанын атап өтті. 

«Ата-аналарға психологтар көмек көрсетуде. Әкімдік барлық қажетті жұмысты жүргізіп жатыр», - деді министр.

Журналистер әлеуметтік желілерде халық қайғылы жағдайға байланысты қаралы күн жариялауды ұсынғанын айтты.

«Қаралы күн жариялау бойынша өзінің критерийлері бар. Егер сол критерийлер болса, оны арнайы комиссия шешеді. Бұл біздің қолымызда емес», - деп қысқа қайырды министр.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар