$ 494.87  520.65  4.91

Нұржан Әлтаев Мәжіліс депутаты боп тағайындалды

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Бауыржанұлы Әлтаев ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде тіркелді. Осыған байланысты жаңа сайланған әріптесімізді барша депуттардың атынан құттықтаймын», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин. 

Өз кезегінде жаңадан сайланған депутат жалпы отырыс барысында ант берді. 

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін», - деді Н. Әлтаев. 

Нұржан Бауыржанұлы осыған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарды.  

Айта кетейік, Н.Әлтаев бұған дейін Мәжіліс депутаты болған Серік Сәпиевтің орнына келді. Серік Сәпиев ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы қызметіне ауысқан болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары