$ 494.87  520.65  4.91

Қ.Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет іс-сапармен Түркістан қаласына келді. Мемлекет басшысы әуелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ат басын бұрып, «Әзірет Сұлтан» қорық-музейін жаңғырту жоспарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Дала елі» орталығы мен әкімшілік-іскерлік орталықтағы облыстық әкімдіктің, басқармалар ғимараттарының құрылысын аралап көрді. Сондай-ақ, жаңадан салынып жатқан  Конгресс холл мен Медиа орталықтың құрылыс барысымен танысты. 

Айта кетейік, «Ұлы Дала елі» орталығының жалпы аумағы - 1,32 гектар. Атырау облысы тарту ететін ғимарат 2020 жылы пайдалануға берілмек. Ал облыстық әкімдік пен басқармалар,  департаменттер ғимараттарының құрылысына жауапты әрі орындаушы -  «BI group» компаниясы. Бұл ғимараттардың құрылысы ағымдағы жылы аяқталады деп күтілуде. Конгресс-холлдың аумағы  3,1 гектар жерге салынуда. Оның құрылысын жүргізіп жатқан «BI group» ЖШС нысанды 2020 жылы пайдалануға береміз деп отыр.

Сондай-ақ Алматы қаласы салуға тиісті Медиа орталық биыл желтоқсан айында пайдалануға берілмек. Оның жалпы аумағы - 1,56 гектар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары