$ 446.49  475.38  4.79

Қ.Тоқаев: «Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық»

Бүгін Түркістанға жұмыс сапарымен келген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жұртшылықпен кездесіп, өзінің жоспарларымен бөлісті. Мемлекет басшысы жергілікті билік өкілдеріне халықпен тығыз байланыста болуды тапсырып, оларға жауапкершіліктің қатаңдайтынын ескертті.

Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұдан былай шенеуніктердің үстінен халық тарапынан шағым түссе ол мәселе жіті қаралып, мемлекеттік қызметкер міндетті түрде жауапқа тартылатын болады.

«Орталық және жергілікті органдардың басшыларына қатысты орынды шағым түскен жағдайда олардың бәрі жазаланатын болады. Сондықтан басшылар халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет. Жылына бір рет ұйымдастырылатын есеп беру кездесулері – көзбояушылық. Халықпен күн сайын бірге болып, қоян-қолтық жұмыс істеуі керек. Осы мәселеге байланысты бұл салада көп жұмыс істелді. Оны әрі қарай жандандыра түсу қажет. Жемқорлықпен күрес күшейе түседі», - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ел президенті барлық деңгейдегі шенеуніктерден әділдікті талап етті.

Қоғамдағы әділеттілік, ең алдымен, атқарушы билікке байланысты. Үкіметтің, министрлердің, барлық деңгейдегі әкімдердің, полицияның, прокуратураның, соттардың басты мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау. Бұл – олардың конституциялық міндеті әрі азаматтық борышы. Мұндағы менің басты ұстанымым анық, айқын. Бұл – заңның үстемдігі. Заңнан жоғары ешнәрсе болмауы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары