$ 473.98  504.03  4.93
Билік 23.03.2019 сағат 10:31

Мемлекет басшысы Түркістандағы жастар ресурстық орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында жастардың ресурстық орталығының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы Түркістандағы жастар ресурстық орталығына барды

Қазақстан Президентіне жастардың шығармашылық бастамаларына, кәсіпкерлікпен айналысуына қолдау көрсету, олардың жұмыспен және баспанамен қамтылуын үйлестіру, сондай-ақ жастарға құқықтық көмек көрсету сияқты негізгі жұмыс бағыттары жөнінде баяндалды.

Еркін әңгімелесу барысында жастар өкілдері Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жастарға қызмет көрсету», «Еріктілер клубы», «Жас сарбаз», «Тілдер мектебі» атты тақырыптық секторлардың, білім беру саласындағы «Stem» жобасының, сондай-ақ «TURKISTAN HUB» коворкинг орталығының жұмыстары туралы айтты.

Серіктес жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар