Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Марат Тәжин ҚР Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылсын», - делінген құжатта.
Марат Мұханбетқазыұлы 1960 жылы дүниеге келген. Социологиялық ғылымдар докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, Ресей Әлеуметтік ғылым академиясының академигі, ҚР Саяси ғылым академиясының академигі.
ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары - Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы, Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, ҰҚК төрағасы, Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары - Ішкі саясат басқармасының бастығы, ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Мемлекеттік хатшысы, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі қызметтерін атқарған. 1-ші дәрежелі «Барыс», «Құрмет» ордендерімен марапатталған.
Дереккөз: Қазақпарат