Әсет Исекешев жаңа қызметке келді, деп xабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бас қаланың бұрынғы әкімі және президент әкімшілігінің экс-басшысы Әсет Исекешев Тұңғыш президент қорының басшысы атанды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімін Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.
"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қорының директоры болып тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.