$ 498.34  519.72  4.85

«Азаматтарға арналған үкімет» 583 түрлі қызмет түрін көрсетпек

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде 530 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2017 жылы олардың саны 583-ке дейін артады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты мәлімдеп отыр.

«Бүгінгі таңда біз 530 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеміз. Бұдан бөлек, барлық мүдделі мемлекеттік органдарды қатыстыра отырып, ведомствоаралық комиссия көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді іріктеген болатын. Соған сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілетін тағы 53 қызмет түрі белгілі болды. Осылайша, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтер саны 583-ке жетеді», - деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев ОКҚ баспасөз конференциясында.

М.Құмарғалиевтің айтуынша, таяуда алдымен Астанада, сосын өңірлерде қала құраушы кадастрды ықпалдастыра отырып, Бірыңғай мемлекеттік жер және жылжымайтын мүлік кадастрын құру күтілуде.

«Корпорацияда Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясы, Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы, Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті теxникалық тексеру дирекциясы атты үш бөлімше құрылды. Бірыңғай лауазымдар тізілімі құрылып, еңбекақы төлеу жүйесі теңестірілді. Бұл ұйымдастырылған құрылымды оңтайландыруға және сәйкестендіруге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде басшылық құрамы 53 пайызға оңтайландырылды»,- деді М. Құмарғалиев.

Сондай-ақ, Шымкентте мамандандырылған ХҚКО іске қосылады, ол Қазақстандағы осындай 12-ші мекеме болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары