$ 449.58  486.94  4.86

Қ.Тоқаев беларусь тілшілерімен еуразиялық ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев беларусьтік «Столичное телевидение» (СТВ) телеарнасына сұхбатында еуразиялық ықпалдастықтың өзекті мәселелері, ДСҰ және ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстан мен Беларусь қатынастары туралы айтты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаевтың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақ қазіргі кездегі халық­ара­лық қатынастардағы ерекше геоэкономикалық факторға ай­налды. Ықпалдастықтың қиын­дықтары туралы сауалға Сенат басшысы ықпалдастық үдеріс­тері зор күш-жігерді және тиісті біліктілікті талап ететінін атап өтті. Мемлекет басшыларының саяси күш-жігері, ең алдымен, сауда мәселелері бойынша уағ­да­ластықтарда негізгі рөл атқа­ратыны күмәнсіз екені айтылды.

Жоғарғы палатаның бас­­шысы ЕАЭО-ның іске кірі­суі­нен бірден нәтиже күтуге болмай­ды деп санайды. «Бірақ, прези­денттер де, парламенттер де, әрине, біздің елдеріміздің ха­лықтары да экономикалық және гу­манитарлық салаларда өте ты­ғыз ықпалдастықты қалай­­ды. Күрделі геосаяси жағдай­­ды есеп­ке алғанда, бұл – негіз­гі мәселе», – деп атап өтті Қ.Тоқаев.

Сенат Төрағасы екіжақты ынты­мақтастық үшін де, аймақ­­тық экономикалық ықпал­дас­­тықтың игілігі үшін де Қазақ­стан мен Беларусь Президент­тері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконың жүй­елі кездесулерінің маңызды рөлін атап өтті.

«Екі елдің басшылары жеке байланыстарды да, іскер­лік байланыстарды да қол­дап отырады, бір-біріне зор құрметпен қарайды. Біздің мем­лекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін бұл өте жақсы», – деді Қ.Тоқаев.

Беларусьтің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруінің келе­шегі туралы сауалға жауап бере келіп, Төраға Қазақ­станның бұл үдеріске барынша ықпал етуге ұмтылатынын жеткізді.

Қ.Тоқаев Беларусьтегі пар­ла­менттік сайлау қарсаңында дауыс беруге мониторинг жүр­гізу мәселелері бойынша ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимыл туралы пікірімен де бөлісті.

«Мен 2010 жылы Беларусь президентін сайлауға байқаушы ретінде қатыстым, оның қалай өткені маған ұнады, сондықтан мен арнайы мәлімдеме жария­лап, беларусь халқы өз таң­дауын жасағаны және ол таң­дауды біздің бәріміз құрмет­теуіміз керектігін айттым. Жал­пы, бізге ЕҚЫҰ-мен ынтымақ­тастықты өрістету керек. Бұл – әмбебап ұйым. Қазақстанға қа­тысты айтқанда, біз үшін ол басымдыққа ие. ЕҚЫҰ Парла­менттік Ассамблеясы аясында белсенді жұмыс істеп келеміз. ЕҚЫҰ-дағы беларусь деле­гациясымен тығыз әрі нәтижелі жұмыс істеуіміз керек деп санаймын», – деді Қ.Тоқаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары