$ 498.34  519.72  4.85

Б.Сағынтаев өз орынбасарларына кәсіпкерлерді қолдау мәселелерін бақылауда ұстауды тапсырды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бүгінгі Үкімет отырысы барысында кәсіпкерлікті қолдау мәселелеріне қатысты өз орынбасарлары мен құзырлы ведомство басшыларына бірқатар жаңа тапсырмалар берді.

Жиындай айтылғандай, мемлекет пен бизнестің өзара үйлесімді жұмыс істесуінің нәтижесінде қазір кәсіпкерлер тарапынан әкімшілік кедергілер мен рұқсат алу рәсімдері кезіндегі проблемалар мүлдем айтылмайтын болған. Дәл қазір елде отандық өндірушілерді қолдау, салық әкімшілігі, бизнеске қолжетімді қаражат секілді мәселелер қозғалып жүр дейді үкімет басшысы.

Осыған байланысты Премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді.

«Салық, несиелеу бойынша тұрғындар тарапынан сұрақтар тым көп. Өткен аптада біз Атамекен басқарма басшыларымен, екінші деңгейлі банк өкілдерімен кездестік. Бәрінің сұрайтындары несиелеу бағдарламалары туралы. Бұл бағдарламалар бізле жұмыс істеп тұр, мемлекет қосымша қаражат бөлуде. Бірақ, біз Агробизнес-2020, Бизнестің жол картасы-2020 сынды бағдарламаларды қайта қарап шығуымыз керек», - деген Б.Сағынтаев өз орынбасарлары А.Мамин мен И.Тасмағамбетовке осындай тапсырма берді. Сондай-ақ, үкімет басшысы бағдарламалар аясында тексерулер жүргізіп, ақша табуды да вице-премьерлерге жүктеп отыр.

Ол сонымен қатар, несиелеудің қолжетімділігіне де тоқталып өтті. Премьердің айтуынша, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесе қазір несиелердің қолжетімділігін арттыру үшін тиісті шараларды қолға алған көрінеді. Енді Ұлттық экономика министрлігі осы шараларға байланысты Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасына тиісті өзгертулер енгізу керек.

Бақытжан Сағытаев өз тапсырмалары бойынша орынбасарларынан 10 күнде жауап алатынын да ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары