Бірақ, қолдаған да жоқ. Бүгін Ақордада Жаңғырту бойынша ұлттық комиссияның отырысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев депутат Қуаныш Сұлтановтың Астана атауын өзгертуге қатысты ұсынысына өз ойын білдірді.
"Мен бұл тақырыпта бұған дейін де бірнеше рет мәлімдеме жасадым. Ойлайтын шығарсыздар, барлық жерге Нұр, Нұрлы деген жазулардың жазылына мен тапсырма береді деп. Тіпті, кеше Парламент Астананы менің атыммен атауды ұсынды. Мен мұндай ұсыныстар айтыңдар деп ешқашан тапсырған емеспін", - деді Елбасы.
Президенттің айтуынша, еліміздің мемлекет болып қалыптасуына жалғыз өзі емес, замандастарының да қосқан үлесі мол көрінеді.
"Біздің жасағанымыз көп. Егер сіздер болмасаңыздар мен жалғыз өзім мұның бәрін жасай алмас ем. Маған замандастарымды таңдауда 25 жыл бойы сәттілік серік болды. Менің ойымша, бір адам түк бітіре алмайды. Барлықтарыңызға рахметт! Парламентке де, олар өз ісін атқарды, сәттілік тілеймін! Менің ролімді бағалап, ескергендеріңізге рахмет, маған адам ретінде бұл ұнады әрине. Парламент - биліктің бір бөлігі. Олар өздері ойларын айтып, шешім шығара алады. Кез-келген елдімекеннің атауын өзерту туралы ұсынысты біз салмақтаймыз, өлшейміз, сараптаймыз", - Мемлекет басшысы.
Естеріңізге салайық, кеше Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Астанаға Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру туралы ұсыныс жасаған болатын. Алайда, депутаттың шын көңілден айтқан осынау ұсынысы әлеуметтік желілерде мазаққа айналды.