Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекет басшысы жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Отырыста қазақстандық азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Тәуелсіздікті алған сәттен бастап Қазақстанның азаматы болуға талпынушы адамдардың саны үнемі өсуде екенін атап өтті. Осы факт Мемлекет Басшысының парасатты басшылығы арқасында жетілген біздің еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығы, ұлтаралық және азаматтық татулығы мен орнықты дамуы туралы куәландырады.
«Біз Республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында еліміздің жаңа азаматтарын қарсы алуға өте қуаныштымыз, оларға бақытты өмір және енді олардың да Отанының игілігі үшін табысты жұмыс тілейміз. Оның лайықты азаматы бола отырып, Егеменді Қазақстанның әрі қарай дамуы мен саулығына олар өз үлесін қосатындарына сенемін», - деп атады Мемлекеттік хатшы.
Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін бізге жақын және алыс шетелдерден келген әр түрлі ұлттардың 622 өкілі жаңа қазақстандықтар атанады.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіпте қабылдау және азаматтықтан айырылу мәселелері бойынша жұмыс нәтижелері талқыланды.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.