$ 498.34  519.72  4.85

Үкімет отырысында отандық ауылшаруашылық өнімдерін сыртқы нарыққа жылжытудың жаңа құралдары ұсынылды

Үкімет отырысында алдағы 5 жылға арналған жаңа АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы, сол бағдарламаның аясында отандық ауылшаруашылық тауарларының экспортын дамыту мәселесі қарастырылуда.

Премьер-Министртің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов отандық ауылшаруашылық тауарларын сыртқы нарықта жылжыту мақсатында АӨК Сарапшылық кеңесі құрылатыны туралы атап өтті.

Құрылатын орталық ауылшаруашылық өндірушілерінен форвардтық сатып алуларды, сыртқы нарықта сұранысқа ие өнімдер үшін жкспорттық арналарды қалыптастыруды, «КZ ORGANIC FOOD» және басқа да отандық брендтерді жылжытуды, сыртқы нарықтарды талдауды, өткізу үшін тиімді сыртқы нарықтар үшін жол картасын жасауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Орталық сауда қаржыландырумен, отандық өндірушілер үшін экспорттық келісімшарттарды кепілдендірумен айналысатын болады.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аграрлық секторды жедел дамыту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған байланысты ел Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Соның нәтижесінде таяу бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуға тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары