ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында министрлер кабинетіне 2017-2021 жылдарға арналған жаңа АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша әзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды.
Премьер-Министр бағдарлама жобасы түрлі алаңдарда, соның ішінде аймақтарда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алқасы аясында және ҚР парламенті мәжілісінде талқыланғанын атап өтті. Сонымен қатар, үкіметтің жыл соңына дейін оны мүдделі тараптармен тағы да талқылап, бекітуге уақыты бар.
«Айтылған ескертулер мен ұсыныстарды назарға ала отырып, бағдарлалама жобасын мақұлдауды және жыл соңына дейін мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, бизнес қауымдастықтармен келісілген соң бекітуге шығаруды ұсынамын. Келесі жылы біз жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеуді бастауымыз керек»,-деді Б.Сағынтаев.
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аграрлық секторды жедел дамыту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған байланысты ел Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Соның нәтижесінде таяу бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуға тиіс.