$ 498.34  519.72  4.85

Қ.Тоқаев бастаған делегация Санкт-Петербургке келді

Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған жоғарғы палатаның делегациясы ТМД және ҰҚШҰ парламентаралық құрылымдарының жұмысына қатысу үшін Санкт-Петербургке келді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Кеше Қ.Тоқаев Ұжым­дық қауіпсіздік шарты ұйы­мы Парламенттік Ассамблея­сының (ҰҚШҰ ПА) отырысына қатысты.

Сол күні ҰҚШҰ Парла­мент­тік Ассамблеясының тоғы­­зыншы отырысы болды. Ша­­раның күн тәртібіне ұйым­­дас­тыру, заң жобалары және ережелер әзірлеу сипатын­дағы мәселелер кірді. Атап айт­қанда, дағдарысты жағдай­ларда әрекет жасау; мамандар даярлау және білімін жетілдіру; технологиялық терроризмге қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету; есірткі, психотроптық зат­тар және прекурсорлардың айна­лымын бақылау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мылды нормативтік-құқықтық тұр­ғыда қамтамасыз ету бағы­тында ҰҚШҰ-ға мүше мем­ле­кет­­тердің заңнамасын үйлес­­тіру бойынша құжаттар қабылданды.

Отырыста «Заңды тұлға­лар­дың және (немесе) оның активтерін заңсыз иелену және басқаруға қарсы іс-қимыл туралы» үлгі ре­тін­дегі заң жобасы қаралды. Сон­дай-ақ, ҰҚШҰ-ға мүше мемле­кет­тердің ұлттық заңна­ма­ларын еңбек мигранттарын зей­нетақы­мен қамтамасыз ету және адам сау­дасының түрлі әрекет­теріне қатыс­ты бөлігіне жетіл­діру жөніндегі ұсынымдар да қабыл­данды.

Қ.Тоқаевтың Ресейдің Фе­дерал­дық Жиналысы Феде­рация Ке­ңе­сінің Төрағасы Ва­лен­тина Мат­виенкомен кезде­суінде Қазақ­стан мен Ресей­дің парламентаралық ын­ты­мақ­та­с­тығының маңызды мәсе­лелері тал­­қыланды. Қ.Тоқаев әріп­тесін Қазақстан Парламенті қабыл­даған, еліміздің жетістіктері туралы ауқымды құжат мазмұндалған Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 25 жылдығы Дек­лара­ция­сымен таныстырды. Тө­раға атап өткендей, Парламент депутаттары Елордада «Тәуелсіз Қазақстан» мо­ну­ментін орнату, еліміздің Консти­туциясында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мемлекет құрудағы қомақты үлесін атап өту, Елорда және еліміздегі басқа да маңызды нысандарда Мемлекет басшысының есімін көрсету туралы ұсыныс айтты.

Қ.Тоқаев В.Матвиенконың биыл­ғы мамырда Қазақстанға сапары жемісті болғанын және оның Сенатта сөз сөйлегенін атап өтті. Қазақстан Сенатының Төрағасы, сондай-ақ Астанада өткен «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференцияға қатысқаны үшін ресейлік парламентшілерге алғыс айтты. Жүздесу барысында 2016 жыл­ғы 4 қазанда екі мемлекет басшы­ларының қатысуымен Аста­нада өткен Қазақстан мен Ре­сейдің XIII аймақаралық ынты­мақ­тастық форумында қабыл­данған шешімдерді іске асыруға да ерекше назар аударылды.

Санкт-Петербургте Қ.Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасы Ұлт­­тық Ассамблеясының Төр­ағасы Сар­дар Айяз Садикпен кез­десті. Төрағалар Қазақстан мен Пәкіс­танның парламентаралық диалогын үдету туралы уағда­ласты. Жүздесу барысында екі жақ­тың халықаралық терроризмге қарсы іс-қимылы жөніндегі тиімді құрылымдарды қалыптастырудың келешегі туралы пікір алмасты.

Депутаттар Әли Бектаев пен Ми­хаил Бортник ҰҚШҰ Пар­ламент­тік Ассамблеясының әлеу­меттік-экономикалық және құқық­тық, сондай-ақ саяси мәсе­лелер және халықаралық ынты­мақ­тас­тық жөніндегі тұрақты ко­мис­сия­ларының отырыстарына қатысты. Сенатор­лар Сер­гей Плотников, Серік Бек­тұрға­нов, Серік Жақ­сыбеков, Жеңіс Нұрғалиев және Влади­мир Редкокашин ТМД Пар­ла­мент­аралық Ассамблеясының мемлекет құрылысы мен жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі, аграрлық саясат, табиғи ресурстар және эколо­гия жөніндегі, ғылым және білім беру жөніндегі Тұрақты комис­сияларының отырысына қатысты.

Кеше кешкісін қазақтың көр­некті қоғам және мемлекет қай­раткері, Ресей империясы Тұңғыш Мемлекеттік Думасының депутаты Әлихан Бөкейхановтың бюстін ТМД Парламентаралық Ассам­блея­сына тарту ету салтанаты болды.

Бюст Ресейдің алғашқы Дума­сы­ның отырысы өткен Тав­рия сарайындағы ТМД Пар­ла­мен­т­аралық Ассамблеясының штаб-пәтеріне қойылды. Скульп­тураны жасаған Өмірзақ Шаңов.

Салтанатты аша келіп, Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы мен ХХ ғасырдың басын­дағы көрнекті қазақ зиялысының туғанына 150 жыл толғаны аталып өтетін жылы бюстінің Санкт-Петербургтегі Таврия сарайына орнатылуы ерекше мағынасы бар шара екенін атап өтті. Төраға осы мерейтойға байланысты естелік шаралар ЮНЕСКО аясында өтіп отырғанын еске салды.

«Әлихан Бөкейхановтың қыз­меті биік адамгершіліктің, ұлт­тық және азаматтық парызына кір­шік­сіз адалдық пен шынайы берілудің үлгісі болып табылады», – деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Салтанат барысында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы, Ресей Феде­рация Кеңесінің Төрайымы Ва­лентина Матвиенко, Ресей Мем­лекеттік Думасының Төрағасы Вя­чеслав Володин, Әзербайжан Милли Меджлисінің Төрағасы Октай Асадов сөз сөйледі.

Салтанатты шараны аяқтай келіп Қ.Тоқаев, Ә.Бөкейхановтың бюсті Ресей, Қазақстан және Достастық елдерінің арасындағы тарихи байланыстар уақыты мен достық қарым-қатынастардың белгісіне айналатынына нық сенім білдірді.

Сондай-ақ, кеше ТМД ПАА Кеңесінің отырысы өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары