$ 445.66  474.58  4.78

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының негізгі аспектілерін түсіндірді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында өткен баспасөз конференциясында Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Руслан Баймишев, директор орынбасары Азамат Шалабаев, сонымен қатар басқарушы серіктес – «Olympex Advisors» ЖШС Жер қойнауын пайдалану тәжірибесінің жетекшісі Дияр Ерешев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасын түсіндірді.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» ұлттық жоспары мен Қазақстан халқына Жолдауында жүктеген тапсырмаларын орындау мақсатында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасы әзірленді. 

Құжатты әзірлеушілер жер қойнауы туралы Кодексті қабылдаудың негізгі себебін түсіндірді. Бүгінгі таңда зерттелген кен орындары зерделенуде және жаңа кен орындарын ашу үшін геологиялық барлау сияқты тәуекелі көп салаға инвестиция тартуды талап ететін өткір мәселе күн тәртібінде тұр.

Кодекс жобасын әзірлеу мақсатында Министрлік мемлекеттік орган мен аккредиттелген субъекті өкілдерінен басқа тәуелсіз ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың (Дүниежүзілік банк, ЭЫДҰ, Данди Институты) және мамандандырылған консалтингтік компания өкілдерін қосқанда 98 адамнан тұратын жұмыс тобын құрды.

ВАК-да «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодекс жобасының тұжырымдамасы мақұлданды (2015 жылдың 17 шілдесінде) және қазіргі уақытта Кодекс жобасы жұмыс тобының қарауында.

Кодекс жобасының негізгі бағыттары ең үздік әлемдік тәжірибе негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беруді жеңілдету; қорларды бағалаудың халықаралық тәртібіне көшу; геологиялық ақпаратқа қолжетімділікті ұсыну және оны сандық үлгіге көшіру; юниорлық компаниялардың нарығын дамыту; тұрақты түрде инвесторларға жер қойнауын пайдалануды жүзеге асыру үшін кепілдік беру қажет.

Бұдан бөлек Кодекс жобасы мыналарды қарастырады:

1) Экономикалық ынталандыру әдісіне көшу (геологиялық барлауды қаржыландырудың ең аз көлемі туралы даму талаптары, белгіленген жер қойнауы учаскелерін пайдалану үшін даму ставка төлемінің жүйесі);

2) кең таралған пайдалы қазбалар, көмірсутекті шикізат пен қатты пайдалы қазбалар үшін Кодекстің арнайы бөлігіне жеке ережелер енгізу;

3) келісімшарт жасасу кезеңінде қорытындылар мен сараптамаларды, әртүрлі рәсімдерді түбегейлі қысқарту (сараптама экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде ғана);

4) Жер қойнауын басқару бағдарламаларын енгізу;

5) Дүниежүзілік тәжірибе есебінен қатты пайдалы қазбаларға кең таралған пайдалы қазбалардың көптеген бөлігін жатқызу және кең таралған пайдалы қазбалардың тізімін қайта қарау. Тек базалық құрылыс материалдары үшін жер қойнауы құқығын беру тәртібінің ерекшелігін қарау ұсынылады;

6) кен орындарын жабу кезінде еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол орындарды жою жөніндегі ережелерді күшейту;

7) мемлекеттік және жеке қаражат есебінен жер қойнауын геологиялық зерделеуді енгізуде нақты параметрлерді анықтау;

8) техногендiк минералды түзiлiмдерді пайдалануды реттеу;

9) дүниежүзілік тәжірибе есебінен тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін сатып алу қызметтерін реттеу және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты жергілікті қамту бойынша талаптар көзделеді;

Жер қойнауын пайдалану Кодексінің жобасын әзірлегенде салық салу, экология, жер қатынастары сияқты салаларды қосқанда жоғарыда көрсетілген тәсілдерді жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған сабақтас заңнаманы бір уақытта жетілдіру көзделеді.

Кодекс жобасының Үкіметке енгізу мерзімі – 2017 жылғы шілде, Парламенттің қарауына 2017 жылғы қыркүйекте жіберіледі.

Ағымдағы жылдың соңына дейін Кодекс жобасының толық мәтіні Министрліктің сайтында жарияланып, келесі жылдың басынан бастап, қоғам өкілдерінің қатысуымен жан-жақты талқылаулар ұйымдастыру жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары