$ 494.87  520.65  4.91

Эболадан сақтанған Сауд Арабиясы африкалықтарды қажылыққа кіргізбейтін болды

Сауд Арабиясы Сьерра-Леоне, Либерия және Гвинея елдерінің азаматтарына қажылық сапарына виза бермеу жөнінде шешім шығарды. Аталған елдердегі Эбола безгегінен сақтану мақсатында Саудия осындай қадамға барып отыр, деп хабарлайды Polit.ru.

Корольдіктің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, елдің барлық порттары мен әуежайларында сырт елдерден келген азаматтардан әлгі аурудың белгілерін анықтайтын арнайы мамандар жұмыс істеуде.

Қазірдің өзінде бұл елдің Сьерра-Леонеден оралған бір азаматынан ауру белгісі анықталған екен. Ол қазір Джидда қаласында оқшауланып емделіп жатыр.

Мұның алдында британдық British Airways әуе компаниясы Либерия мен Сьерра-Леонеге қатынайтын әуе қатынастарын тоқтатқан болатын. Қазіргі уақытта батыс Африкадағы Эбола індеті 800 адамның өмірін жалмап, тарихтағы өте қауіпті деңгейіне жетіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары