Адам етінен тамақ дайындап келген каннибал компанияны қазір құзырлы органдар тексеріп жатыр. Сорақысы сол, тамаққа пайдаланылған еттің балалардыкі екендігі анықталыпты деп хабарлайды Turkystan.kz.
Соңғы кездері әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерді шулатқан McDonald's компаниясы жұрттың жағасын тағы ұстатты. Оған себеп,бастапқы тексеру жұмыстарының нәтижесінде аталған компания өздерінің тағамдарына қоспа ретінде құрт-құмырсқаны пайдаланатыны анықталса, кейін McDonald's-қа тиесілі ет комбинаттарында адам еті табылған. Басқаша айтқанда, жедел дайындалатын тағамдарына қосылатын ет — адамдардікі.
Құзырлы органдар қылмыстық іс қозғап, тергеу-тексеру амалдарын жүргізгенде McDonald's кеңінен таралған Америка Құрама Штаттарындағы ет комбинаттары мен мейрамханаларының 90 пайызынан адам еті, ал 65 пайызынан жылқы еті табылған. Еуропаның басым бөлігі мен АҚШ-та жылқының етін жемейтіні белгілі.
Иман мен адамдықтан безгендер көбінесе балаларды сойып отырған... Федералдық зерттеу бюросының агенті Лойд Харрисон америкалық басылымдарға жасаған мәлімдемесінде: «Сорақысы сол, ол жай ғана адам еті емес, балалардың еті. Өйткені, ет комбинаттары мен мейрамханаларда табылған мүрделердің бөлшектері ересек адамдардың емес, балалардың денесіне ұқсайды, өте ұсақ. Бұл шынында да өте қорқынышты», депті.
Оның айтуынша, сот-медициналық сараптамалары әлі де жалғасуда. Демек, ақша үшін адамдықтан безгендердің басқа да қылмыстары ашылып қалуы мүмкін.