ОБСЕ бейсенбіде Украинадағы жағдайды талқылау үшін шұғыл кеңес өткізеді, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі ұйымның жанындағы АҚШ миссиясына сілтеме жасап.
«Бейсенбіде Венада 11.00 (13.00 мск) -де өтетін ОБСЕ делегациясы шұғыл отырысының күн тәртібіндегі негізгі мәселе Ресейдің Украинадағы заң бұзушылықтары», делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Украинаның қауіпсіздік кеңесі РФ-мен шекарада он ресейлік десантшыны қарумен және құжаттармен ұстағанын мәлімдеген болатын.