Украина президенті Петр Порошенко бүгін Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Донбасста қақтығысты «тоқтатуға уағдаласқан, деп хабарлайды Азаттық.
Украина президентінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, әңгіме нәтижесінде Донбасстағы қақтығысты біржолата тоқтатуға келісім жасалды. Бейбітшілік орнатуға септесетін ортақ қадамдарға қатысты өзара түсіністікке қол жеткізілді.
Мұның алдында Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Порошенконың телефонмен сөйлесіп, «қақтығысты барынша тезірек тоқтату үшін не істеу қажеті туралы пікір алмасқаны» жайлы хабарлаған.
«Президенттердің қақтығыстан шығу жолдары туралы көзқарастары «біршама жақындай түсті» деген ол.
Украинаның оңтүстік-шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында ресейшіл сепаратистер мен украин әскері сәуір айынан бері соғысып жатыр.