$ 449.58  486.94  4.86

Путин Моңғолияда салтанатты рәсімде көзіне жас алды (ВИДЕО)

Моңғолия мен Ресей әнұрандары шырқалған сәтте Ресей басшысы еріксіз көзіне жас алды. Бұл туралы «Новый регион» басылымы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Путин көз жасына ерік берген сәтте моңғол президенті Цахиагийн Элбэгдорждың қасында тұрған болатын. Сыртынан қараған адамға оның мұрнын қайта-қайта тартқыштап, көз жасын сүртіп тұрғаны анық байқалады.

«Кремль басшысының Ресей әнұраны ойнаған кезде өксігін тыя алмай, ал, Моңғолия гимні ойнаған кезде қоя қойғаны қызық. Соған қарағанда Отанына деген сағынышын жасыра алмаса керек», деп қағытады басылым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары