$ 494.87  520.65  4.91

30-дан астам адам жер сілкінісінен кейін шахтада қалып қойды

Боснияда 30-дан астам кенші жер сілкінісінен кейін шахтада қалып қойды, деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап.

Сейсмологтардың мәліметі бойынша, жақында 3,5 магнитуданы құраған жер сілкінісі болды. Оның ошағы Сараеводан солтүстік-батысқа қарай 50 шақырым қашықтықта орналасты.

Зеница қаласындағы «Распоточье» шахтасының директоры Эсад Сивичтің мәлімдеуінше, шахтада болған 56 кеншінің 22-сі құтқарылды, ал 34-і әлі шахтада. 600 метрлік тереңдікте қалып қойған кеншілермен байланыс бар. Оларды жер астынан шығару үшін құтқарушылар жұмылдырылмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары