$ 494.87  520.65  4.91

Хиллари Клинтон алдағы президенттік сайлауға қатысуға бел буды

АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы 2015 жылдың басында өтетін президенттік сайлауға қандидат ретінде қатысу туралы өзінің түпкілікті шешімін қабылдамақ, деп хабарлайды «Қазақпарат» Reuters-ге сілтеме жасап.

«Алдағы жылдың алғашқы күнінен соң сайлауға түсу-түспеуімді шешуге бел будым»,деп мәлімдеді Клинтон Мексика астанасына барған сапарынан соң.

Хиллари Клинтон 2016 жылы өтетін сайлауда АҚШ президенті лауазымына лайықты бірден-бір кандидат болып есептеледі.

Мамыр айының ортасында Ipsos компаниясының жүргізген сауалнамасында АҚШ азаматтарының көпшілігі Клинтонды президенттік сайлауда жеңіске жетеді деп есептейтіндіктерін айтқан. 66 жастағы Клинтон бұл жоғары лауазым үшін күреске түсетіндігін әзірге ашып айтпай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары