$ 498.34  519.72  4.85

Әлемде алғаш рет ауа-райы басқарылатын қала салынбақ (ВИДЕО)

Біріккен Араб Әмірліктерінің бай қаласы  Дубай басшылары жақын арада ғаламшардағы алғашқы күмбез астындағы қала құрылысы басталатынын жариялады, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Өзінің дербес климат-бақылау жүйесі бар толық жабық қалалардың тұжырымдамасы соңғы ғасыр бойы ғылыми фантастика тақырыбы болып келді. Енді оны іске асыруды БАӘ қолға алмақ, ал мұнда ауа температурасының жоғары екені белгілі.

«Әлемдік сауда үйі» деген атауға ие болған жоғары технологиялы қала-сауда кешені тұтастай күмбезден ғана емес, күмбезді мөлдір корпустар сериясынан тұрады, оның ауданы 4,46 шақырым болмақ.

Метрополия ауқымы бір қаланың аумағындай жерді алады (кешеннің ұзындығы кемінде 7 шақырым). Алаңның бір бөлігі (750 мың шаршы метрі) сауда алаңдары болмақ, сондай-ақ мұнда әлемдегі ең үлкен жабық тақырыптық саябақ орналасады.

Қалада  жүзге тарта қонақүйлер (20 мың нөмір), әртүрлі мәдени шаралар өткізілетін орын, театр және жоғары класты медициналық мекемелер орналасады. Барлық аудандар  климат-бақылау жүйесімен жабдықталады. Өйткені туризм БАӘ кірістері негізгі көздерінің бірі. Mall of the World жылдың кез келген уақытында ашық болады, Дубай өкіметі мұнда жылына 180 миллион келушілерді тартуға ниеттеніп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары