$ 439.43  473.31  4.82

Адам күлмей қосылмайтын теледидар пайда болды (ВИДЕО)

Қосылуының өзі адамның көңіл-күйіне қарайтын ерекше теледидарды Лондондағы корольдік көркемөнер колледжінің студенті Дэвид Хедберг жасап шығарған. Оның жаңа техникалық туындысында адамның жүзін анықтайтын арнайы жүйе бар. Яғни, арнайы камера мен арнайы бағдарламалық қамту негізінде адамның келбеті қандай күйде тұрғанын анықтай алады. Бұл жаңаша теледидар Smile TV деп аталады.

«Қазақпараттың» хабарлауынша, жөні бөлек теледидардың ерекшелігі сол, егер оның алдында көрермен болмаса дұрыс көрсетпей қалады. Ал теледидар алдында отырған адамның жүзіне күлкі үйірілсе оны теледидар байқайды да бағдарламалар жақсы көрсетіле бастайды. Ал, адамның күлімдеуі анық көрінбей жатса, теледидардағы бейнелер де жойыла бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары